Қазақстанда жаңа оқу бағдарламасы бойынша әскери ұшқыштарды іріктеу басталды
Қазақстанда жаңа оқу бағдарламасы бойынша әскери ұшқыштарды іріктеу басталды
Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына оқуға түсетін жастар биылғы жылы жаңа бағдарлама бойынша оқытылатын болады.
Бірінші курс - жалпыәскери факультетте оқу, екінші курс - үлгерімі, денсаулық жағдайы және медициналық көрсетілімдер ескеріле отырып, мамандықтар бойынша бөлу. Мұндай жүйе әскери жоғары оқу орнында алғаш рет енгізіліп отыр.
Осындай әдістеме болашақ мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді және мамандықтар туралы нақты түсінік алып, бір жыл оқығаннан кейін дұрыс таңдау жасау үшін жастардың өздеріне пайдалы болады деп күтілуде. Қазіргі уақытта ұшу институты оқуға түсуге жаңа жинақтауды бастады. Конкурстық іріктеуді (психологиялық тест, дене даярлығы нормативтері, медициналық тексеру) жасөспірімдер жоғары оқу орнында өтеді. Қазірдің өзінде мұнда Ақтөбе мен Ақтөбе облысынан жиналған алғашқы 50 талапкер келіп жетті, ал 26 шілдеге дейін Қазақстанның өзге өңірлерінен шамамен 130 жасөспірім келеді деп күтілуде. Мұнда талапкерлердің саны жағынан әскерилерге, атап айтқанда, ұшу мамандықтарына сұраныс артып келеді деуге болады. Көптеген жас бозбалалар өздерінің келешегін ұшқыш немесе инженер кәсібімен байланыстырып, еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет еткісі келеді. Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты білікті ұшқыштарды, инженер-механиктерді, штурмандарды, радиоинженерлерді дайындауды жүзеге асыратын Орта-Азиялық өңірдегі бірден-бір жоғары оқу орны болып табылатынын айта кетейік. Бұл білім ошағында тоғыз мамандықта 500-ге жуық курсант, оның 50-і ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы шеңберінде білім нәрімен сусындауда, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.