Еліміздің мектептерінде қауіпсіздік ережелері оқытылатын болды
Еліміздің мектептерінде қауіпсіздік ережелері оқытылатын болды
Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылынан бастап тек ғылыми пәндерді емес, қауіпсіздік ережелерін де оқитын болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Өскелең ұрпақтың тек қосып-алу мен көбейтуді үйренбей, өз-өздерін қорғай алулары тиіс деген мәлімдемені ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жасады.
"Биыл білім беру бағдарламасына балалардың қауіпсіздігі туралы тақырыптар енгізіледі. Мұндай жаңашылдық балаларды зорлық-зомбылықтан сақтауы тиіс", - деді ол.
Мектеп оқушыларының курс шеңберінде нақты нені үйренетіндері әзірше белгісіз. Алайда министр әр балаға қалада жүруге қауіпсіз бағыттарды таңдау үйретілетінін айтты.