Жаһан

Ксеll өз абоненттеріне 1,5 млрд теңгені қайтаратын болды

Ксеll өз абоненттеріне 1,5 млрд теңгені қайтаратын болды

pogudx7tbe8anvc1b.96fff044Ксеll бәсекелестік заңнамасын бұзғаны үшін өз абоненттеріне 1,5 млрд теңгеден астам қаржыны қайтарып беретін болды. ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті атынан осындай нұсқама шығарылды.

Соттардың, оның ішінде Жоғарғы соттың қарау қорытындысы бойынша, аталған нұсқама заңды және негізді деп танылды.

Ағымдағы айда Ксеll тұтынушыларға 2012-2013 жылдың 9 айы кезеңінде абонент үшін кез келген қолайлы тәсілмен (заттай мәнде, теңгерім) сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатты қайтаруды бастайды.

Бұл ретте Ксеll әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, өз абоненттеріне 2013 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі (монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық орын алған) кезең үшін ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтаратынын хабарлады дейді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі.