Саясат

Сәндік бұйымдар сатылымға шықты

Сәндік бұйымдар сатылымға шықты

Орталық маңындағы Т.Рысқұлов атындағы саябақта Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай халықтық сәндік-қолданбалы қолөнер шығармашылығының көрме-жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңіріміздегі түрлі ұлттардың қолөнер шеберлерінің туындылары қойылып, сатылымға түсті.  Аталмыш шарадан хабардар болған тараздықтар осы күні таңертеңнен саябаққа қарай ағылды. Жергілікті ұлт өкілдерімен қатар орыс, өзбек, ұйғыр, татар ұлттарының да қолөнер заттары орын алған жәрмеңкеде тұтынушылар әсіресе сәндік бұйымдарға көбірек қызығып жатқанының куәсі болдық. – Бұл өнерді мен ерте кезден бойыма сіңіріп өстім. Бірақ уақыт болмай, тоқыма өнерінен алшақтап кеткен едім. Зейнетке шыққаннан соң тоқыма өнерімен шындап айналысуға бел будым. Әзірге жаман емес. Жейде, шұлық, бөкебай секілді шағын киімдерді, әсіресе балаларға арнап тоқығанды ұнатамын. Оларды алам деушілерден тапсырыстар түсіп отырады. Дегенмен, осындай жәрмеңкелер арқылы көпшілікке ұсынғанымыз әлдеқайда жақсы. Себебі, мұндай шараларда қолөнерлерімізді ауқымды ортаға таныстыра отырып, жарнамалай аламыз, – деді Л. Козлова.  

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».