Ғалымдар қайдан біліп қойған?
Ғалымдар қайдан біліп қойған?
5,4 триллион долларға бағаланған астероид
Өткен жексенбі күні Жер анамызды тым жақын жерден алып астероид өткен. Ғалымдарды сол аспан денесінің химиялық құрамы қатты қызықтырды. Астрономдардың айтуы бойынша әлгі аспан денесінің өзегінде 5,4 триллион долларға бағаланған жүз миллион тоннаға жуық платина мен басқа да минералдар қоры бар екені анықталған. Көлемі бір шақырым аумақты алатын астероид жер шарынан 2,4 миллион шақырым қашықтықта ұшып өткені байқалған. Табиғаттың қайталанбас құбылысын ең алғашқылардың бірі болып Пуэрто-Рикода орналасқан Аресибо обсерваториясының қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен таспаға басып алған.
«Ақ жол-Ақпарат».