Астанада мәйіт жанында суға шомылған тұрғындардың әрекеті жұртты шошындырды
Астанада мәйіт жанында суға шомылған тұрғындардың әрекеті жұртты шошындырды
Астана іргесіндегі Қоянды аулында 10 жасар қыз суға кетіп өлді. Оқиға куәгерлері көмекке ұмтылғанымен, жеткіншектің тек өлі денесін жағаға шығара алған. Ал бұл кезде басқалары баланың мәйітін тастай салып, алаңсыз суға шомыла берген деп хабарлайды КТК арнасы.
Кісі шошырлық көріністерді сол маңда жүргендер ұялы телефонына түсіріп алған. Марқұм қыздың денесін демалушылар матаға орап, топырақ үстіне тастай салыпты.
Адамдар бала-шағасымен мәйіттің жанында мәз-мәйрам боп суға шомылып жатыр. Не жағажай әкімшілігі, не үлкендер жағы бас болып денені таса жерге апаруды да ойланбаған. Қайта қызықтап ұялы телефонға түсірген.
Ал куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің мәйітін алып кетуге жедел жәрдем 1 сағаттан соң бір-ақ, жеткен. Негізі марқұм жеткіншек, жағажайға әкесімен келіпті.
Кейін ол баласын жалғыз қалдырып кетіп қалған. Оралғанында, қызының өлі денесін ғана құшақтап қалды. Ал жеке жағажай әкімшілігі өздеріне шаң жуытар емес.
“Қоршаулар орнатуымыздың кемі жоқ. Демалушылар бұзып кетіп жатыр. Ал суға тұншығып өлген қыз саяжай жақтан келген. Күнде әкесімен бірге осы жерде шомылып жүретін”, – жағажай қызметкері дейді Азат Жамантаев.