Жаһан

Қазақстанда педофилдерді тіркейтін бірыңғай база құрылады - маман

Қазақстанда педофилдерді тіркейтін бірыңғай база құрылады - маман

Қазақстанда жасөспірімдерге қатысты жыныстық қылмыс жасаған адамдарды тіркейтін бірыңғай база құрылады. Мұндай мәліметті бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссияның мүшесі Сәуле Айтбаева мәлім етті.

«Біз елімізде жасөспірімдерге қатысты жыныстық қылмыс жасаған адамдарды тіркеп отыратын бірыңғай электронды база құру туралы шешім қабылдадық. Мұндай тәжірибе Ұлыбритания, Канада, АҚШ сияқты елдерде бар», - деп атап өтті С. Айтбаева.

Оның айтуынша, дегенмен бұл жоба іске асуы үшін еліміздегі бірқатар заңнамаларға, соның ішінде жеке мәліметтерді қорғау туралы заңға өзгертулер енгізу қажет.