Әлеумет

Астана тұрғындары ойланбастан интернет-алаяқтарға жүз мыңдаған доллар аударып жатыр

Астана тұрғындары ойланбастан интернет-алаяқтарға жүз мыңдаған доллар аударып жатыр

photo_18990Астана тұрғындары ойланбастан интернет-алаяқтарға жүз мыңдаған доллар аударып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда жергілікті тұрғынның арызы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол шетелдік банктің бірінен 4 000 000 евро сомасында минималды 2 пайызбен несие алу мақсатында жалған комиссия мен салықтарды төлеу үшін өздерін банктің қызметкеріміз деп таныстырған азаматтарға 154 623 АҚШ долларын аударған.

Осыған ұқсас оқиға тағы бір астаналықтың басынан өтті, ол интернет сайттары арқылы жалпы сомасы 2 420 АҚШ доллары болатын 3 бесік арба мен 3 шезлонгқа Англияға тапсырыс берген. Ақырында тапсырысты жеткізушілердің түрлі сылтауымен 16 813 АҚШ долларын төлеген.

Жәбірленушілерді сендіру үшін алаяқтар жалған төлқұжаттардың көшірмелерін, жалған чектер, баж төлемі  туралы кедендік рұқсатнамалардың жалған түрлерін салып жіберіп отырған.

Астана қалалық ІІД тексерілген сайттарды қолдануды және тауарды алғаннан кейін ғана толық төлем жасау керегін ескертеді.