Жаһан

Ауа райы: Таяуда аптап ыстықтың беті қайтады

Ауа райы: Таяуда аптап ыстықтың беті қайтады

Таяуда аптап ыстық беті қайтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің 21-23 шілдеге арналған ауа райы болжамына сәйкес, Еуропалық Ресейдің солтүстік-батысынан ығысқан атмосфералық фронттар өткен тәуліктерде нормадан 2-5 градусқа төмен ауа райын республикамыздың батысы мен солтүстігіне алып келді. Атмосфералық фронттардың әсерінен бұл аймақтарда аптап ыстықтың беті қайтып қана қоймай, жаңбыр жауды.

"Батыс және солтүстік облыстарда алдағы үш тәулікте найзағайлы өткінші жаңбыр жауады және Қазақстан бойынша суық атмосфералық фронттардың ауысу шамасына байланысты орталық, оңтүстік және шығыс аудандарында ауа температурасы төмендейді. Өткен апта бойы сақталған 40 градустық ыстық қайтады және температураның көпжылдық орта мәні сақталып, ауа температурасы шығыста және орталықтың кей жерлерінде нормадан 1-3 градусқа төмен болады", - дейді метеорологтар.