Жаһан

Алматы әуежайына Абайдың есімін беру ұсынылды

Алматы әуежайына Абайдың есімін беру ұсынылды

Танымал адвокат Жангелді Сүлейманов қазақстандық әуежайларға атау беруді ұсынды. Мәселен Алматы халықаралық әуежайына ағартушы-ақын Абай Құнанбаевтың есімін берген дұрыс деп санайды.

Шарль де Голль” немесе “Кеннеди” деп аталған әуежайлар құлаққа жағымды естіледі. Біздің әуежайлардың болса ешқандай атауы жоқ. Бізде оған лайық ұлы қазақтар жоқ секілді көрінеді. Мен Алматы әуежайын Абай Құнанбаевтың атын берер едім. Ал Астана әуежайына Абылай ханның есімін беруге болады. Бірақ ең дұрысы қоғам арасында сауалнама жүргізіп, әуежайға лайықты атауын беру”, – деп жазды Сүлейманов өз Facebook парақшасында.

Заңгердің айтуынша, “пішін құрамына өз әсерін тигізеді, яғни әуежайдың атауы оның жұмысының сапасына игі әсерін тигізбек”.

Сол арада көптеген желі пайдаланушылары заңгердің бастамасын қолдайтынын білдіріп, тіпті атауға қатысты өз ұсыныстарын жасады. Атап айтсақ, Қазақстан, Тұран, Мәңгі ел, Кеңесары, Бегелдинов, Мәметова деген атауларды әуежайға беру ұсынылды.

ақпарат көзі nu.kz