Денсаулық

Қазақстанда ыстыққа байланысты жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Қазақстанда ыстыққа байланысты жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Қазақстанның кейбір аймақтарын аптап ыстық алқымнан алып тұр. Сондықтан ашық аспан астында жұмыс істейтіндер үшін түскі үзіліс уақытын 5 сағатқа дейін ұзарту ұсынылуда деп хабарлады

Қазгидрометтің” хабарлауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде сынап бағанасы 40 градустан асып кетеді.

“Заң бойынша ыстыққа байланысты мекемелерді жұмыс уақытын қысқартуға мәжбүрлей алмаймыз. Бірақ күн күйіп тұр. Сондықтан жұмыс берушілерге түскі үзілісті сағат 11.00-16.00-ге дейін ұзартуды ұсындық. Ал жұмыс уақытын таңғы 07.00-ден 18.00-дейін бекіту туралы кеңес бердік”, – дейді Санитарлық тазалықты бақылау басқармасы тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің бас маманы Рабиға Мелібаева.

ақпарат көзі nur.kz