Денсаулық

Cұйықпен күн көретін қыз

Cұйықпен күн көретін қыз

Үндістандық Манджу Дхарра қазір 25 жаста. Ол туылғаннан бері бірде-бір түйір қатты тағам жеп көрмеген. Әйел тек қана сұйық тағамдармен қоректенеді. Оның рационында сүт, шәй, айран және су ғана бар. Манджу Үндістан астанасы Жаңа-Делиге жақын маңдағы Сонипат деп аталатын шағын қалашықта туылған, қазір де сол аймақта тұрады. Ол кішкентай кезінде өте сирек кездесетін ахалазия деп аталатын ауруға душар болған. Яғни, әйелдің бұлшық ет талшықтары босаңси алмайды.  Манджудың асқазанына қатты тағам мүлде өтпейді. Жеп көруге талпынғанның өзінде ауырсыну басталып, құсып жібереді.  Осындай кедергілерге қарамастан, Манджудың бойы басқа үндіс әйелдеріне қарағанда әлдеқайда ұзын. Өте арық, әлсіз болып көрінбейді, үй шаруасындағы барлық жұмыстарды атқара береді. Анасы Бхагвати Дхарра қызын дүниеге әкелген алғашқы екі жылда не болып жатқандығын мүлде түсінбеген. Ол баланы күріш, нан сынды қатты тағамдармен қоректендіруге тырысады. Алайда бұл әрекет қайталанған сайын баланың ауырып, көп жылайтынын байқайды. Әйел мұның бәрі тағамға деген талғампаздықтан деп ойлайды, кейіннен дәрігерге көрсетуге бел буады. Бірнеше тексерістерден кейін Манджуға аталған диагноз қойылады. Түрлі емдеу шаралары қызға ешқандай оң өзгерістер әкелмеген. Дәрігерлер ең дұрыс шешім ота жасату дейді, алайда оған қаржы қолбайлау. Ата-анасы ем-дом рәсімдерін төлей алмаса да, қызының өмірін ұзарту үшін сиыр сатып алып берген екен. Манджу соның арқасында күніне 5 литр сүт ішеді екен.