Құқық

Шығыс Қазақстан облысынан танк жоюға арналған мина табылды

Шығыс Қазақстан облысынан танк жоюға арналған мина табылды

photo_18927Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауылының тұрғыны 16 шілдеде Тайынты өзенінің жағасынан минаға ұқсайтын зат тауып алды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Басылымның мәліметінше, ер адам тауып алған зат танк жоюға арналған жарылғыш зат болып шыққан.

ШҚО ТЖД мәліметінше, Асубұлақ тұрғыны минаны ауыл маңынан тапқан. Ол жарылғыш затты жақын маңдағы полиция бөлімшесіне тапсырды. "Полицейлер саперлерді шақырды. Мина оқу-жаттығуға арналған, танкіге қарсы қолданылатын ТМ-62 модельді жарылғыш зат болып шықты", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері. Олардың айтуынша, жарылғыш затты саперлер жою үшін алып кеткен.

Айта кетейік, оқу-жаттығу үшін пайдаланылатын жарылғыш заттың ашық алаңға қалай тап болғаны белгісіз.