Облыс әкімі айт намазына қатысты
Облыс әкімі айт намазына қатысты
Кеше ораза айт діни мееркесінің құрметіне орай облысымыздың барлық мешіттерінде таңғы 7-00 де айт намазы оқылды. Айт намазы қасиетті құран сөздерін оқумен және бас имамдардың насихаттарымен басталды. Барша жамағаттың назарындағы осынау сауапты шараға байланысты облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев облыстық «Хибатулла Тарази» мешітінде болып, көпшілікпен бірге айт намазына қатысты.
Айт намазына жиналған жаны ізгі қауымның алдында облыс әкімі сөз сөйледі.
- Қадірлі жамағат! Құрметті ағайын, бауырлар!
Баршаларыңызды ораза айт мееркесімен құттықтаймын. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазанда күннің ыстығына қарамастан ауыз бекіткен, ораза ұстаған көпшіліктің ниеті қабыл болсын. Бұл айда ораза ұстаушыларға ауыз аштырып, сәресі берген кісілердің де көп сауапқа кенелгені анық. Отыз күн ораза мұсылмандарды ынтымақ, бірлікке, төзімділікке шақырады. Соңғы жылдары мешіттерде ауыз аышытырып, жақсы амалға ұмтылған азаматтар көбейді. Бұл азаматтарға ризамыз, бұл жағдай тұрмысымыздың жақсарғанын көрсетеді. Ол кісілер көпшіліктің батасын алып, көп сауапқа, игілікке кенелді деп ойлаймыз.
Жылдан жылға еліміздің экономкалық-әлеуметтік жағдайы өркендеп келе жатқанын сезініп отырсыздар. Елбасымыздың сара саясатымен ірі жетістікктерге жеттік. Биылғы жыл ерекше жыл. Биыл Ассамблеяға 20 жыл, Ұлы Жеңіске 70 жыл, Ата Заңымыздың бетітілгеніне 20 жылдық мерекесі. Басты мереке Қазақ хандығының 550 жылдығының біздің аймақта ерекше тойланатыны да үлкен мерей. Миллионнан астам халқы бар облысымыздың тұрғындары ынтымақ, бірлікте, тату ғұмыр кешуде. Облысымыздың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді.
Барлықтарыңызды бүгінгі ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Әр отбасына амандық тілеймін. Келесі ораза айттарға аман –есен жете бюерейік! Айт құтты болсын!,-деді Кәрім Нәсбекұлы.
Келесі сәтте ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев жиналған жамағатқа айт намазының тәртібін түсіндіріп өтті. Мыңдаған көпшілік бір сәтте сәждеге бас қойып, айт намазын оқыды.
Айт намазынан кейін бір-бірін шынайы көңілмен құттықтаған жамағат ағайын-туыс, көрші, жекжаттарына айттауды бастап кетті. Бұл күні барлық үйде айттың дастарханы жаюлы, шайы қоюлы екені белгілі.
Шынайы көңілмен айттап жүрген жамағаттың жүректері аппақ қардай таза екені даусыз. Айт мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын!