Құқық

230 мың долларды иемденіп кеткен алаяқтың елорда тұрғындарын қалай алдағаны белгілі болды

230 мың долларды иемденіп кеткен алаяқтың елорда тұрғындарын қалай алдағаны белгілі болды

7fd2ff5185cf9cfeee50fb77ba974751Елордалық алаяқ тұрғындарды алдап-арбап, кем дегенде 230 мың долларды заңсыз иемденіп кеткен. Қазіргі таңда оған мемлекетаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Естеріңізге салып өтсек, ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 1961 жылы туған Бауыржан Асимхановқа іздеу жарияланған еді. Бүгінгі таңда күдіктінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерден екі факті бойынша арыз-шағым келіп түті.

«Бірінші жағдайда ол екі қымбат автокөлікті сатып жіберуге көмектесуге уәде еткен. Екінші жағдайда бірігіп кәсіп ашуды ұсынып, осылайша 230 мың долларды иемденіп кеткен», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. Тәртіп сақшылары алаяқтың тұрғылықты мекенжайын анықтау және оны ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жалғастырып жатыр, тергеушілер сотқа дейінгі өндіріс жүргізуде. Астана ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, алданып қалған жәбірленушілер саны әлі де артуы мүмкін. «Сондықтан біз ол туралы мәліметтерді, суреті мен заңға қайшы әрекеттері туралы видеоны жан-жаққа тараттық», - деп толықтырды ІІД-дан.