Басты жаңалық

Нигерия базарындағы екі жарылыстан қаза болғандар саны 49 адамға жетті

The final spritzer

Нигерия базарындағы екі жарылыстан қаза болғандар саны 49 адамға жетті

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Гомбе қаласының базарындағы екі жарылыстан кем дегенде 49 адам қаза болды, ондаған адам жарақаттанды, деп хабарлайды ВВС.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза болғандар арасында әйелдер мен балалар көп. Бірінші жарылыс көшеде, клиенттерге толы аяқ-киім дүкенінің кіреберісінде болды. Екінші жарылыс оның маңында бірнеше минуттан кейін орын алды. Әзірше ешкім бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ, дегенмен полицейлер жарылыстарды «Боко харам» тобының мүшелері жасады деген сенімде.