Әлеумет

Қазақстандық жасөспірімдер есірткінің жаңа түріне тәуелді болуда

Қазақстандық жасөспірімдер есірткінің жаңа түріне тәуелді болуда

pogudx7bujqe0fgk9.b8b74d21Есірткіге қарсы күресіп жүрген алматылық еріктілер фармацевтер жасөспірімдерді трамодолға тәуелді етуде деп дабыл қағуда. Бұған бірден бір себеп – құрамында жүйкеге қатты әсер ететін есірткісі бар препараттардың дәріханаларда еркін саудалануы дейді мамандар.

Дәріні арзан бағаға әрі оңай алатын балалар соған жіпсіз байланады екен. Ал негізі ауруды басатын «трамодол» сияқты дәрілер дәрігер нұсқауынсыз берілмеуі тиіс деп хабарлайды арнасы.

Трамадол – анкологиялық ауруға қарсы дәрі. Бірінің ауруын басса, енді бірі үшін бұл қолжетімді есірткі. 1-2 рет қолданған адам келесіде онсыз тұра алмайды. Алғашында 5 таблетка пайдаланса, кейін мұның 50-ін бірден ішетін жағдайға жетеді. Ал, оның беретін әсері героинмен пара пар. Бұған әсіресе бала ағзасы тез бейімделеді екен.

“Трамодол 100 пайыз тәуелділік тудырады. Осы аптада құрамында синтетикалық есірткі заты бар дәріге тәуелді 5 жасөспірім тіркелді. Олардың психикасы әлі орнықпаған. Қызығып бастайды да, қара түнектен шыға алмай қалады”, – дейді «Еркін адамдар» қорының директоры Ольга Агапова.

Қара түнектен шыға алмай қалған жасөспірімдер саны өкінішке орай бірлі жарым емес, соңғы уақытта ондап санала бастаған. Бірінші кезекте бұған дәріхана сатушыларының ашкөздігі себеп. Тиынға қызыққан олар препаратты кім көрінгеннің қолына ұстата салады. Белгілі себептермен өзін таныстырғысы келмеген бала сондай дәріханалардың бірінің тұрақты клиенті екен.

Баланың айтуынша көп дәріханалар ашық түрде сатады екен. Ол үшін пайдаланатын құпия сөздері бар. Мәселен «Ланахер» десең дәріханадағылардың бәрі түсінеді екен. Ал, «рубажка» сөзі арқылы өнімнің мөлшерін сұраймыз дейді жеткіншек.

Ресей мен Беларусьте «Трамадол» есірткі қатарына жатқызылып, қолдануға мүлдем тыйым салынған. Бізде де дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға рұқсат. Бірақ, бұл дәріханаларға тұсау болмай отыр. Трапикалид, цикломед, сомнол де трамодол сияқты ескірткі дәрілердің қатарында. Ұйқы шақырамын, ауруды басамын деп әсері күшті дәріні асыра қолданудың соңы нашақорлыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер әсіресе буыны қатпаған балалардан барынша абай болуыға шақырады.

“Алматы қаласында біз жиі кездесіп жатамыз. Ұйқы шақыратын, тынышталдыратын «Сомнол» деген дәрі бар. Мысалға келтіріп айтатын болсақ, «сомнолды» да негізінен әйелдер арасында жиі кездесіп жатады. Ұйықтататын, тыныштандыратын деп ішіп, кейіннен мөлшерін тым асырып жібереді. Содан кішкене тәуелділік туындап қалады”, – дейді нарколог дәрігер Гүлмира Әбдібаева.

Дәріні пайдаланушылардың дені кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер. Олардың қатары күн санап көбейіп жатқаны мамандардың алаңдаушылығын туғызды. Бұл бірінші ретте еліміздегі фармацептикалық бақылаудың жоқтығынан дейді наркологтар.