Францияда аптап ыстықтан 700 адам көз жұмды
Францияда аптап ыстықтан 700 адам көз жұмды
Франция аумағының басым бөлігін қамтыған қырық градустық ыстық 29 маусым мен 5 шілде аралығы кезеңінде 700-ге жуық адамның өліміне себеп болды. Бұл туралы Франция денсаулық сақтау министрі Марисоль Турэн хабарлады, деп жазады БЕЛТА.
Қазір Францияда Испания арқылы Сахарадан келген ыстық ауа райының екінші толқыны басталды. Бүгін елдің бірқатар қалаларында ауа температурасы көлеңке жердің өзінде 38-39 градусты көрсеткен.
Парижде – 36-37 градус. Бір апта бұрын француз астанасында термометр көрсеткіші 39,7 градусқа дейін көтерілген.
Синоптиктердің хабарлауынша, биыл жаз бойы Францияда қатты ыстық болады.