Ораза Айт намазы алдында ауыз ашылады
Ораза Айт намазы алдында ауыз ашылады
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады. Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады.
Ибн Аббастан (оларға Алла разы болсын) жеткендей: “Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкір, Омар және Осман (оларға Алла разы болсын) жүргізген мерекелік намазға қатыстым. Олардың бәрі уағыз алдында намаз оқыды”.
Мерекелік намаз қалай оқылады?
Айт намазы өзге намаздар секілді оқылады. Айырмашылығы – Айт намазында тәкбір алты мәрте артық айтылады.
Бірінші рәкәғатта алғашқы тәкбір мен сана дұғасынан соң, тағы да үш рет тәкбір айтылады. Екінші рәкәғатта, Құран оқылғаннан соң, рүкүғқа барар алдында тағы да үш рет тәкбір алынады. Осыдан соң тағы бір тәкбір рүкүғқа бару үшін алынады.
Барлығын қосқанда, қыйамда тұрған кезде 8 мәрте тәкбір алынады.
Айт намазынан соң барлық мұсылмандар бір- біріне “Айт құтты болсын!” деп құттықтап, жылы тілектер айтысады.
Айт намазы адамдар арасындағы қарым- қатынасты, махаббатты, бауырмашылықты жаңартушы әрі нығайтушы болып табылады.
Дәрет алу және киім кию
Бұл күні мұсылмандарға мүмкін болса жуынып- шайынып, ер адамдар үстілеріне әтірлерін сеуіп, ең әдемі деген киімдерін кигендері абзал. Ибн Омар (оларға Алла разы болсын) былай деген:
“Омар жақында базардан алған киімді алып, Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барады да: «Алла Елшісі, мына киімді ал және де осы киіммен Айт пен өкілдерді қарсы ал”. Ибн Омар Орзаза айт мерекесінде ең жақсы киімдерін киетін (Әл Бұхари).
Ораза Айт намазы алдында ішіп- жеу
Әнас (оған Алла разы болсын) былай деген: “Ауыз ашар күні Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйінен (айт намазына) бірнеше құрма жеместен шықпайтын еді”.
Басқа нұсқасында Әнас (оған Алла разы болсын) былай деген: “… және де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тақ сан етіп құрма жеген” (Әл Бұхари, 953).
Ораза айт мерекесімен құттықтау
Ораза Айт мерекесімен өзге жандарды құттықтауда ешқандай күмән жатқан жоқ. Мұсылмандарды құттықтаған кезде мына сөздер айтылады: “Тақаббалла Аллаһ Минна уә Минкум” (Алла Тағала бізден де, сізден де қабыл алсын).
Жәбир бин Нафирден жеткен хадисте былай делінеді: “Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары Ораза Айтта кездескен кезде бір- біріне: «Алла сізден де, бізден де қабыл алсын”,- деп айтқан.
Айт намазынан үйге қайту әдебі
Жәбир (оған Алла разы болсын) былай деген: “Мереке күні Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айт намазынан қайтқанда келген жолымен емес, басқа жолмен жүретін” (Әл Бұхари, 986).
Айт намазынан соң не істеген абзал?
Айт күндері мерекелік дастархан әзірлеп, туысқандарды, көрші- қолаң, дос- жарандарды қонаққа шақырған абзал. Бұл күндері туыстық қарым- қатынасты нығайтуға аса мән берген жөн. Сондықтан да туыстарыңыз бен жақындарыңызға барыңыздар.
Жылы тілекті әрі көңілді болыңыздар. Садақа беріп, жақсылық жасаңыздар.
Әйел адамдардың айт намазына баруы
Умм Атийя (оған Алла разы болсын) былай деген: “Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзімізбен бірге қарт әйелдер мен жас қыздар және орта жастағы келіншектерді екі меркедегі оқылатын намазға әкелуді бұйырды. Алайда осы кезде етеккірі келген әйелдер бізбен бірге Айт намазын орындай алмайтын” (Бұхари, Муслим).
Құрметті мұсылмандар! Алматы Орталық мешітінің ұжымы сіздерді Ораза Айт мерекесімен құттықтайды. Алла Тағала баршаңызға жақсылық пен отбасыларыңызға амандық берсін!