МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!
МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!
Елордамыз – Астананың туған күні мерекесіне орай, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Астана – менің мақтанышым» атты заманауи флеш-моб ұйымдастырды. Аталмыш шара «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 50 жасұландық жастарының қатысуымен Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті атындағы саябақта өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат – жамбылдық жасұландықтардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отансүйгіштік сезім мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі өскелең жас буын өкілдерін арманы мен рухы асқақ – Қазақ елінің азат ұрпағы екендігін мақтан тұтатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу болып табылады. Астана күніне орай өткен шара арқылы жамбылдық жасұландықтар бас қаламыз – Астанаға құттықтау жолдады. Саябаққа демалып, тыныстауға жан-жақтан жиналған түрлі жас шамасындағы қала тұрғындары жастардың сергек билерінен елдігіміздің ерекше мерекесін бірге тойлап жатқандай әсерде болды.
Гүлмира НҰРЖАНОВА, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы.
Елордамыз – Астананың туған күні мерекесіне орай, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Астана – менің мақтанышым» атты заманауи флеш-моб ұйымдастырды. Аталмыш шара «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 50 жасұландық жастарының қатысуымен Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті атындағы саябақта өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат – жамбылдық жасұландықтардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отансүйгіштік сезім мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі өскелең жас буын өкілдерін арманы мен рухы асқақ – Қазақ елінің азат ұрпағы екендігін мақтан тұтатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу болып табылады. Астана күніне орай өткен шара арқылы жамбылдық жасұландықтар бас қаламыз – Астанаға құттықтау жолдады. Саябаққа демалып, тыныстауға жан-жақтан жиналған түрлі жас шамасындағы қала тұрғындары жастардың сергек билерінен елдігіміздің ерекше мерекесін бірге тойлап жатқандай әсерде болды. Гүлмира НҰРЖАНОВА, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы.