Балалар енді бес күн оқи ма?
Балалар енді бес күн оқи ма?
2016 жылдан бастап білім ұяларына 5 күндік оқыту стандарты енгізілмек. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді. «Біз Елбасының тапсырмасымен орта білім беру мазмұнын өзгертуді бастап кеттік. Жаңа бағдарламалар енгізіледі. Онда білім беруден бұрын оқушыларға қажетті машық пен дағдыларды қалыптастыруға үлкен мән берілмек. Бүгінде біз 30 мектепті таңдап алдық, қыркүйектен бастап бұл жүйені тәжірибе ретінде енгіземіз. Келесі жылы 1-сыныптан бастап, барлық мектептерге тарататын боламыз. Ал 6 күндік оқушылары тым көп үш ауысымда оқытылатын санаулы білім ұяларында ғана болады. Уақыт өте ғимарат мәселесі шешілгенде олар да қалыпты ауысымға көшеді» деп атап өтті министр. Оның айтуынша, жаңа стандарттар баланың оқуға тиісті бағдарламасын еш қиындатпайды.
«Ақ жол-Ақпарат».