Плутонға ұшып барған зонд Жерге "телефон соқты"
Плутонға ұшып барған зонд Жерге "телефон соқты"
Жерден 6 миллиард шақырымдағы Плутонға ұшып барған америкалық New Horizons ғарыш аппаратынан қоңырау соғылды. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігінің Twitter желісіндегі ресми парақшасында хабарланып отыр. "Автоном жүйесі барлығының штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын қуана хабарлайды", - деп хабарлады зонд.
Таяуда NASA шағын ғаламшардың және оның серігі Харонның тұңғыш сапалы суреттерін жариялаған еді. Оны New Horizons аппараты түсірді. Таяуда агенттік Плутонның нақтыланған суреттерін жариялауға уәде беріп отыр.
New Horizons миссиясы тарихи маңызға ие оқиға аталып отыр, себебі адамзат галактиканың түкпіріндегі ғаламшарға тұңғыш рет жетті. Ғалымдардың айтуынша, зонд Күн жүйесінің пайда болу тарихын білуге мүмкіндік береді.
New Horizons берген ақпараттың арқасында, ғалымдар Плутонның диаметрінің бұған дейін саналып келген өлшемінен 80 шақырымға үлкенірек екенін және ғаламшардың бетінің қызыл-қоңыр екенін анықтады. Ғарыш денесінің солтүстік полюсі азот пен метан мұзды поляр қалпағымен жабылған. Плутонның іші де мұзды.
NASA ғарыш агенттігінің 2006 жылы ұшырылған New Horizons зонды Плутонды және оның табиғи серігі Харонды зерттеуге арналған. Бұған дейін Плутонның суреттерін Hubble ғарыш телескопынан алынып келген, алайда бұл суреттер ғаламшардың қандай екенін көрсете алмайтын.