Әлеумет

Қызылордада 75 жастағы ақсақал жүргізуші куәлігін алды

Қызылордада 75 жастағы ақсақал жүргізуші куәлігін алды

photo_18798

Қызылордада 75 жастағы ақсақал жүргізуші куәлігін алды.

Басылым тілшілерінің мәліметінше, Қызылорда облыстық мамандандырыл­ған халыққа қызмет көрсету ор­талығына 75 жастағы Аралбай Әбдіразақов атты ақсақал келген. "Әлемнің бір қиырындағы мем­лекеттің 70-тегі тұрғыны жоға­ры оқу орнына түсіпті. 80-дегі қа­риялар некелесіпті. 90-дағы кісі мектеп бітіріпті. Осы тектес жаңа­лықтарды "естімеген елде көп" деп тамсанып отырып оқушы едік. Осыған ұқсас жағдай Қызылорда облысында да болды", - деп таңғалады тілші.

Алайда ақсақалдың жүргізу куәлігі бар болып шықты. Ол өзінің білім-білігін жаңа технология­ның көмегімен тексеріп көрмек болғанға ұқсайды. Әбдіразақов барлық теория және тәжірибе сынақтардың ешқай­сысынан сүрінбей өткен. Жүр­гі­зушіге қойылатын талаптарды түгелдей орындап шыққан. Осылайша, 75 жастағы Аралбай Әбді­­ра­зақов жүргізуші куәлігін ие­лен­ді.