Саясат

Астана – Отанымыздың жүрегі

Астана – Отанымыздың жүрегі

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары және қонақтары! Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен  құттықтаймын! Астана – халқымыздың мақтанышы, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің нышаны іспеттес. Бір кездері шет аймақтағы қала қысқа тарихи кезең ішінде сан мыңдаған тұрғындары бар экономикалық және мәдени өмірдің орталығына айналды. Астана – әлем қалаларының ішіндегі әсем қалалардың бірі. Астана – Отан жүрегі, халықты біріктіретін ұлттық идея, өз күшіне сенім нышаны. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ. Біздер, қазақстандықтар, жас, қарқынды дамып жатқан қаланы даңқты келешек күтіп тұрғанына сенімдіміз. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес.  Астана – болашағы жарқын қала. Сіздерге барлық жақсылықты тілейміз, ал біздің Елордамыз өсіп-өркендей берсін!  Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Астана күні құтты болсын!

Б. Нарбаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы.