Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

Құқық қорғаушылар арасында полиция күніне арналған «Тезірек, күштірек, сенімдірек» девизімен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. «Динамо» ДШСП бірінші орынбасары Ж. Ысқақ пен ІІД кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі И. Зайнулин аталған шараны ашып берген соң, эстафеталық жүгіруден 15 команда өз шапшаңдықтарын сынады. Шағын футболдан турнир өтті.  Ішкі істер департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері спорттың екі түрінен де ешкімге дес бермеді. Полиция полковнигі А. Арғынбаев «Ең үздік футболшы ардагер» атанды.