Аптап ыстықтан зардап шегуде
Аптап ыстықтан зардап шегуде
КХДР тұрғындары соңғы 100 жылда байқалмаған аса қатты аптап ыстықтан зардап шегуде. Корея орталық телеграф агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, жауын-шашынның жеткіліксіздігінен елдегі күріш плантациялары қурап қалып жатыр. Сеулдің мәліметінше, егер аптап шілде айының басына дейін жалғасатын болса, Солтүстік Кореядағы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 20 пайызға төмендеуі мүмкін. Бұл елдегі онсыз да нашар азық-түлік жағдайын күрделендіріп жібермек.