Экономика

2015 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы

2015 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы

бойынша аймақтағы қаржылық нарықтың  жағдайы туралы Депозиттік нарық. 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы (бұдан әрі – Банктер) депозиттер қалдықтары 59302,1 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 9,4% немесе 5082 миллион теңгеге көбейді (01.04.2014 ж. – 54220,1 миллион теңге). Олардың ішінен ұлттық валютадағы депозиттер 26756,1 миллион теңгені немесе 45,12% және шетел валютасындағы депозиттер 32546 миллион теңгені немесе 54,88% құрайды. Депозиттер қалдықтары құрылымында депозиттердің жалпы сомасынан жеке тұлғалардың депозиттері айтарлықтай басым, олардың үлесіне 91,1% немесе 54024,8 миллион теңге келеді. Қалған 8,9% немесе 5277,3 миллион теңгені заңды тұлғалардың депозиттері құрайды. Орналастыру мерзімдері бойынша облыс депозиттерінің көлемінде басым бөлігін мерзімді депозиттер алады. Осылайша, 2015 жылдың 1 сәуіріне депозиттердің жалпы көлемінен 98,4% мерзімді болып табылады, ал шартты және талап ету бойынша депозиттердің үлесі сәйкесінше 1,3% және 0,3% құрайды. Жамбыл облысы депозиттерінің үлесі республика бойынша депозиттердің жалпы көлемінде  0,9%-ды құрады. Депозиттердің салымшылар бойынша құрылымы жеке тұлғалардың депозиттерінің басымдылығымен сипатталады. 2015 жылғы 1 сәуірге жеке тұлғалардың салымдары 54 024,8 миллион теңгені немесе 91,1% құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға көбейіп, 2015 жылдың 1 тоқсанының аяғында 5 277,3 миллион теңгені немесе облыс депозиттерінің жалпы сомасынан 8,9% құрады. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Банктермен жалпы сомасы 35272,9 миллион теңгеге депозиттер тартылған, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,5% төмен (2014 ж. - 61343,1 миллион теңге). Жамбыл облысы бойынша тартылған депозиттердің басым бөлігін шетел валютасындағы депозиттер құрады – 51,03% (17998 миллион теңге). Ұлттық валютадағы тартылған депозиттердің үлесі сәйкесінше 48,97% (17274,9 миллион теңге) құрады. Салымдарды орналастыру мерзімдері бойынша, қысқа мерзімді депозиттер 21157,7 миллион теңгені немесе тартылған депозиттердің жалпы көлемінен 59,98% құрайды, ал ұзақ мерзімді депозиттер 9982,8 миллион теңгені немесе 28,3% құрады. Қалған 4132,4 миллион теңге (11,71%) талап ету бойынша және шартты депозиттерге тиесілі. Несие нарығы. Банктермен берілген несиелердің көлемі 2015 жылдың басынан 18680,1 миллион теңгені құрады,  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,62%-ға төмен (2014 жылдың 1 тоқсанында 23240,5 миллион теңге сомасында несиелер берілген). Берілген несиелердің жалпы сомасының басым бөлігі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады – 18498,1 миллион теңге (99,03%). Шетел валютасында берілген несиелердің сомасы теңгедегі баламасында 182,0 миллион теңгені (0,97%) құрайды. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 15118,8 миллион теңге немесе 80,94% құрайды, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 3561,3 миллион теңгені (19,06%) құрады. Банктермен берілген несиелердің негізгі бөлігі жеке тұлғаларға берілген. Олардың үлесі 15301 миллион теңгені немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 81,91% құрайды. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 3379,1 миллион теңгені немесе берілген несиелердің жалпы сомасынан 18,09% құрайды. Республика бойынша 2015 жылдың 1 сәуіріне несиелер бойынша берешектер қалдықтарының сомасы 12045438,5 миллион теңгені құрады. Жамбыл облысы бойынша сәйкес кезеңге несиелер бойынша берешектер қалдықтары 155816,9 миллион теңгені құрап (республикалық көрсеткіштің 1,29%), 2014 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 7462 миллион теңгеге немесе 5,03%-ға артты. Заемдар құрылымында теңгедегі несиелердің үлесі 96,31% немесе 150074,2 миллион теңгені құрады, қалған 3,69% - шетел валютасында берілген заемдар (5742,7 миллион теңге). Жеке тұлғалар несиелерінің көлемі 117310,5 миллион теңгені  немесе ссудалық берешектердің жалпы көлемінен 75,29% құрады, ал заңды тұлғалардың қарыз үлесі 38506,4 миллион теңгені немесе 24,71% құрады. Бұрынғыдай, ұзақ мерзімді несиелер ссудалық берешектің басым бөлігін құрайды. 2015 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі 144212,9 миллион теңгені немесе несиелердің жалпы көлемінен 92,55% құрады. Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 11604 миллион теңгені құрады (7,45%). Облыстағы несиелердің барлық түрлері бойынша өткен жылдағыдай, орташа мөлшерленген сыйақы ставкасы 2015 жылғы наурыз айының соңында 16,2% болды. Бірақ, ұлттық валютадағы несиелердің орташа мөлшерленген сыйақы ставкасы ағымдағы жылдың наурыз айының соңына 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға азайып, 16,4% құрады (2014 жылдың наурыз айының соңында – 16,7%). Шетел валютасында бұл көрсеткіш  2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша керісінше 0,7% көбейіп, 2014 жылдың сәйкес кезеңіндегі 11,7% қарсы 12,4% құрады. Банктердің, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің көлемі, 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 29123,2 миллион теңгені құрады, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен шамамен 43% немесе 8751,9 миллион теңгеге артық. Ал ағымдағы жылдың басынан, Банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің сомасы 1943,5 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылдың 1 тоқсанында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Банктермен берілген несиелердің сомасынан 36,67%-ға немесе 1125,3 миллион теңгеге аз (2014 жылдың 1 тоқсанында – 3068,8 миллион теңге). Несиелеу объектілері бойынша несиелер құрылымында азаматтардың тұтыну мақсаттарына берілген несиелері басымдықта. Олар, 80321,4 миллион теңгені немесе облыс бойынша несиелердің сомасынан 51,55% құрайды. Халыққа ипотека алу үшін берілген несиелердің сомасы 17318,3 миллион теңгені немесе 11,11% құрайды Облыстың несие нарығын талдай отырып, заемдар бойынша мерзімі өткен берешектердің азайғанын айта кету қажет. 2014 жылғы 1 сәуірге Банктердің несиелері бойынша мерзімдері өткен берешектері 23617,5 миллион теңгені немесе жалпы несиелер көлемінен 15,9% құраса, ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш 21163,3 миллион теңгеге немесе 13,6% дейін төмендеді. Азаматтардың тұтыну мақсаттарына берілген несиелер бойынша мерзімдері өткен берешектердің көлемі мерзімі өткен берешектердің жалпы көлемінен 35,3% құрады. Ал құрылысқа және азаматтармен тұрғын үй сатып алу үшін берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешектердің көлемі 8% құрады. 2015 жылдың 1 тоқсанының соңына шағын кәсіпкерлік бойынша мерзімі өткен берешектер 6502,5 миллион теңгені немесе шағын кәсіпкерлік бойынша несиелердің жалпы көлемінен 22,3% құрады. Камилла ҚЫРҒЫЗБАЕВА, ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының Экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маман-экономисі.