Әлеумет

«ЕҢСЕБЕК» БАЗАРЫНЫҢ ОРНЫ ҚАҢЫРАП ТҰР

«ЕҢСЕБЕК» БАЗАРЫНЫҢ ОРНЫ ҚАҢЫРАП ТҰР

3«Төлебай» базарының айналасында бүгінде қызу жұмыс. Бір жағынан ойын-сауық орталығының алып ғимараты бой көтеріп жатса, екінші жағынан археологиялық қазба жұмыстары жүруде. Болашақта бұл жер тараздықтардың ғана емес, қала қонақтарының да көз қуанышына айналмақ. 4Ал Байзақ батыр көшесінің бойындағы бұрынғы «Еңсебек» базарының орны туралы бұлай деп айта алмаймыз. Өйткені, көлік бөлшектерін сататын бұрынғы «Дүйсеке» ЖШС-ның «Еңсебек» базары бүгінде көштен қалған жұрттай қаңырап қалған. Айналасы тым-тырыс. Дүкендердің терезесінің тесігінен тек сумаңдаған жел ғана ызыңдайды. Осыған орай, біз қалалық әкімдіктің сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Айдар Молдабаевқа «Сіз не дейсіз?» дегенімізде: – Біз 2014 жылы 201 гектар жерге «Тараз қаласының орталық аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау» жобасын дайындадық. Ал сөз болып отырған «Еңсебек» базарының орнына болашақта спорттық-сауықтыру кешені бой көтеретін болады. Оны базар иесінің өзі біздің жобамыздың негізінде соғуы тиіс. Ал құрылыстың қашан басталатыны бізге беймәлім, – деп жауап берді. Қала тұрғындары сүйікті шаһарының бұл бұрышы да көзге қораш көрінбей, өңір көркіне көрік қоса түскенін қалайды.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».