Білім

Алты күннің нәтижесі: 5 түлек 125 балл жинады

Алты күннің нәтижесі: 5 түлек 125 балл жинады

ҰБТ басталғалы бергі алты күн ішінде 5 түлек 125 балл жинады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Олар: Ердосова Гүлназ Жандосқызы – Тараз қалалық №45 қазақ классикалық гимназиясы; Мұстафина Риана Еркінқызы – Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейі; Самат Сымбат Қуанышқызы – БҚО Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистикалық мектебі; Абдазимова Лаура – ОҚО Түлкібас ауданындағы үш тілде білім беретін, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат және Яковлева Анастасия Владимировна – №90 лицей, Алматы қаласы. Өткен жылы ең жоғары баллға 4 түлек ие болған. Еліміз бойынша ҰБТ 165 пунктте өтті. Өтініш берген 85 856 түлектің 80980-і қатысты (94,3 пайыз). Орташа балл – 79,5. Міндетті 50 балл межені 65 947 түлек (81,4) бағындырды. Ал 14 133 (17,5 пайызы) түлек 100 баллдан жоғары көрсеткіш жинады.

«Ақ жол-Ақпарат».