Денсаулық

Көк Тудың желбірегені – жаныма қуат береді

Көк Тудың желбірегені – жаныма қуат береді

8Қазіргі таңда спортшыларымыз халықаралық, әлемдік турнирлер мен бәсекелерде жеңімпаз атанған сәтте елдігіміздің айрықша белгілері – рәміздеріміз салтанат құрады. Көк байрағымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Сол сәттегі жеңімпаз атанған әр спортшының мерейі асып, көңілі таситын әсерлі сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен мұны Афины Олимпиадасындағы жеңісімде өз басымнан өткен соң айтып отырмын. Бір ғана менің емес, кез-келген спортшының негізгі арманы байрақты бәсекелерде өз елінің Туын көкке көтеру, Әнұранын шырқату екені даусыз. Қарап отырсаңыз, мемлекеттік рәміздердің бағасы қаншалықты мәнге ие екенін осыдан да аңғаруға болатындай. Көк Тудың желбірегені – Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен Ту Жан емес маған керегі – Көк Тудың желбірегені! – деп, ақын Алмас Ахметбекұлы жастарды нағыз патриоттық рух пен тәрбиеге шақыра білді.  Бізде ел үмітін ақтайтын жастар көп. Әлі талай биікті қазақ елі бағындырады.

Бақтияр Артаев, бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері.