Ақкөлдегі балалар қуанышы
Ақкөлдегі балалар қуанышы
Қуыршақ театры мен тегін балмұздақ болды
Ақкөл ауылдық округіндегі Оспанәлі Иманәлиев атындағы Мәдениет үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала – өмірдің жалғасы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мақсат – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, түрлі қызықты ойындар арқылы оларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Достық қарым-қатынастарды нығайтып, саламатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау. «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешілер ұжымы ұйымдастырған қуыршақ театры қойылымы балалардың көңілінен шықты. Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп пен Ақкөл орта мектебінің ата-аналар комитеттері мерекеге келген бүлдіршіндерге 200 балмұздақты тегін таратты. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы П. Тілегенов, «Талас жастар орталығы» КММ-нің аға нұсқаушысы Б. Байбосынов, Ақкөл әйелдер қауымдастығының төрайымы Қ. Айтбаева және «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Р. Досалиев балалар қуанышының ортасынан табылып, өздерінің жылы лебіздерімен бөлісті. Мереке соңы концертке ұласты.
Талап БАЙЖИЕНОВ, «Нұр Отан» Ақкөл бастауыш партия ұйымының төрағасы.
Талас ауданы.