Спорт және туризм

Қаратаулық дойбышының қарымы

The final spritzer

Қаратаулық дойбышының қарымы

Жауһар Дәуренбекова Азия біріншілігінен қола медальмен оралды

Өзбекстан астанасы Ташкент қала­сында 64 және 100 шаршылы дойбыдан Азия біріншілігі өтті. Дуы басым додаға сары құрлықтың жиырма елінен 250 спортшы қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Ардагерлер арасындағы сында қаратаулық дойбышы Жауһар Дәуренбекова үздіктер қатарынан көріне біліп, қола жүлдені қанжығасына байлады. Ол бұған дейін де талай биіктерді бағындырып, өзінің мықты екендігін таныта білген әрі ойыншы, әрі ұстаз екенін айта кетудің еш сөкеттігі жоқ. Жауһардан бөлек жамбылдық Берік Айбике өз қатарластарының ішінде үздік бестікке енді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».