Спорт және туризм

Мәдина бір чемпионаттан үш жүлде олжалады

Мәдина бір чемпионаттан үш жүлде олжалады

Павлодар қаласында шахматтан әйелдер арасында Қазақстан Республикасының дәстүрлі чемпионаты ұйымдастырылды. Еліміздің кіл мықты шахматшыларының басын қосқан айтулы аламанда Жамбыл облысы атынан шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәдина Дәулетбаева қатысты. Бұрнағы жылдары да өзінің шын мықты екеніне шәк келтірмей жүрген Мәдина Дәулетбаева бұл біріншілікте де қатарынан оза шауып бәйге алды. Нақтырақ айтсақ, ол 2 алтын және 1 қола медаль иеленді. Классикалық шахматта ғана аздаған сәтсіздікке бой алдырып, жүлделі үшінші орынға табан тіреген Мәдина қыз шахматтың рапид деп аталатын түрі бойынша еліміздің нөмірі бірінші спортшысы екенін кезекті мәрте дәлелдеп, алтыннан алқа тақты. Блиц номинациясында да Мәдинаға қарсы тұрар ешкім табылмады. Ақылдың ойынында ақылмандылығын таныта білген Мәдина бұл сында да алдына жан салмай жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтижесінде ел біріншілігінде бір ғана Мәдинаның өзі үш медальді мойнына іліп, ел абыройын асырды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».