Спорт және туризм

Ақтық сын Астанада өтеді

Ақтық сын Астанада өтеді

Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сыны Астана қаласында өтетін болып бекітілді. Финалда Мексика боксшыларын 10:0 есебімен ойсырата жеңген «Куба қабыландары» мен «Рашн боксинг тим» ұжымын 9:1 есебімен тас-талқан еткен «Астана арландары» клубы кездеседі. 20-21 маусым күндері жоспарланған кездесуге мамандар әртүрлі болжамдар жасап жатыр. Кейбір бокс білгірлері «Астана арландары» қосымша кездесуде жеңісті жұлып алады деп, 6:5 есебін тіркеп отырса, енді бір мамандар алғашқы үш салмақта «Астана арландары» озық шығады деп 6:4 есебін қолай көруде. Неде болса ақтық сынға үшінші рет шығып отырған «Астана арландары» екі дүркін серия жеңімпазы атануды көздейді. Өткен жылғы додада қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан «Куба қабыландарының» да мақсаты сол. Неде болса жиырма күннен кейін болатын алыптар шайқасының кездесуі тартысқа толы болары даусыз. «Арландарға» сәттілік серік болсын дейміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».