Саясат

Қазақстан ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақ қалыптастыруда

Қазақстан ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақ қалыптастыруда

Бес ха­лық­тық ре­фор­маны жү­зе­ге асы­руға бағыт­талған «100 то­лық салмақты қа­дам» – ол жан-жақты даму ма­гис­­тралі бойын­ша тұ­рақ­ты қоз­ғала оты­рып өтетін Қазақ­станның нақ­ты маршрутының ара­қа­шықтығы. «100 қадам» әлемнің ең өркендеген және дамыған отыздығына ену үшін қуатты тұғыр қалыптастырады. Бүкіл әлем Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтың Көшбасшылығымен айқын бағытпен жүріп бара жатқан қуатты және сенімді мем­лекет ретінде көріп дағ­дыланды. Таяудағы жылдарда әлем­дік жүйенің «қарайып қою­лана түскен аспанында» қазақ­стандық жолдың «жол көр­сетуші шамшырағы» дәл осы Ұлт жоспары болмақ. Ағымдағы тарихи сатыда Қазақстан үшін бұл бағ­дар­лама айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие. Біріншіден, Ұлт жос­пары Нұрсұлтан Назар­баев­тың жаңғырту үдері­сі­нің үз­дік­сіздігі мен бөлін­бес­тігін, мемлекет пен қоғам дамуы­ның шынайы сабақ­тас­тығын айқындайтын басқару­шылық стилін, континуумын барынша үздік түрде бей­нелейді. Қазақстан Көшбасшысы мемлекеттің иммундық жүйесін тұрақты түрде ны­ғайтып отыру керектігін айқын түсінеді. Осы тұрғыда «100 қадам» – «Қазақстан-2050» Стра­те­­гиясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын­да қа­ланған шешуші басым­дық­­тарды жүзеге асырудың нақ­ты жол нұсқаушы картасы. Бұл жағдайда дәл осы «Мәң­гілік Ел» дамудың берік негізі және өзекті катализаторы міндетін атқарады. Қо­ғам бір­лігінің осынау қазақ­стан­дық моделі әлемнің көп­теген мем­лекеттері үшін үлгі бола алады. Екіншіден, маңызды ішкі мемлекеттік міндеттердің кең ауқымды блогын бейнелеуге деген көшбасшылық шы­найы көзқарас пен мазмұн­дық бөлігінің терең ойласты­рылуы оны жүзеге асыру­дың берік, табанды және алға басушылық сипатын ай­қындайды. Үшіншіден, Бұл мем­ле­кетті операциялық басқа­рудағы жаңа сөз. Мемлекеттік менед­ж­ментті жетілдіру тұрғы­сы­нан алғанда бұл қарапай­ым­дандыра қойылған міндеттер мен нақты индикаторлық жиын­тықтардың жүрек соғы­сының үйлесімі. Іс жүзіндегі іс-қимыл­дарды жоспарлаудың мұндай схемасы жүзеге асырылған шаралар мен нәтижелер ау­қымын өлшеуге жағдай жасайтын өзіне тән шкаланы қалыптастырады. Сонымен бірге бес ха­лық­тық реформа страте­гия­сының негізінде дәлме-дәл бірізділік жатыр. Көп­теген жағдайда бүкіл Ұлт жос­­пары­ның тиімділігі Қазақ­­стан Көш­басшысы алға қой­ған ба­сымдықтарды жүзе­ге асы­рудың кезектілігін сақ­тауға байланысты. Төртіншіден, Ұлт жос­пары – ол жалпыға бірдей инклюзивті қарастыратын аса зор функциялық бағ­дарлама. Нұрсұлтан Назарбаевтың инклюзивті жаңғыртуы – ол әлемдік реформаторлық тәжірибедегі жаңалық. Реформаны табысты орын­дау үшін жаппай бар­шаға: мемлекетке, қоғамға, әр­бір қазақстандыққа жұмы­луға тура келеді. Оған деген барынша қатыс­тылық ұлттың жауапты дамуының ішкі санасына бойлаған Көшбасшының «100 қадамының» қуатты жа­сам­паз пайымдарымен қамта­масыз етіледі. Таяуда өткен президенттік сайлау нәти­же­лері оған айқын дәлел болды. Бесіншіден, бес халықтық реформаны жүзеге асыру Қазақстанның халықаралық рей­­тингтердің «шендер та­бе­лін­де» алға жылжуына жағ­дай жасайды. Әрине, әрбір қадамды орын­дау, қалай болғанда да, топ-30-да тұрған мем­ле­­кеттің «өркениеттілік пас­­портын» құрайтын жаңа экономикалық және әлеу­­меттік биіктерді алуын қарас­тырады. Бұл орайда Ұлт жос­па­ры­­ның өзін­дік мақ­саты – ол тек қазақстан­дық­тардың кө­кей­­кесті өмірлік мәсе­­лелерін жүйе­лі түр­де ше­шу. Бес ре­фор­маның бә­рі де ең алдымен әлеу­меттік си­пат­қа ие. Дегенмен, ең бас­тысы, Нұр­сұлтан Назарбаев Ұлт жос­парын алға тарта отырып XXI ғасырдағы Қазақ­станның болашақ бейнесін көз алдына айқын елестете алды. Елдің таяу жылдарда не нәрсеге ұмтылуы керектігін айқын түсіндірді. Іс жүзінде президенттік реформалардың болжанған нәтижелері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне тән негіз қалаушы сипаттамалармен тікелей астасады. Бұл ғылымды қажет ете­тін индустриялық даму жә­не productive economy, бола­шақтың біртұтас ұлты, берік орта тап, «Ашық Үкімет», заң мен әділдіктің үстемдігі. Мен 15 жылдан соң, 2030 жылы-ақ Гарвард уни­вер­ситетіндегі XXI ғасырдағы мемлекетті жаңғыртудың табыс­ты тәжірибесін тал­қы­лау жөніндегі өкілетті халық­аралық конференцияда Қа­зақстаннан келген тісқаққан саясаттанушының қалай сөз сөйлеп тұрғанын толығынан көзге елестете аламын. Ол Ұлт жоспарының бас­тау алуының куәгері, қазақ­стан­дық реформаның бірізді­лікпен егжей-тегжейлі жүзеге асырылуын іс жүзінде көрген адам. Олқылықтар мен кем­ші­ліктерді анықтауға, үдеріс­ке түзету енгізуге атсалыс­қан, нұсқаулықтар қалып­тас­тырған және Қазақстан Үкі­метіне кеңестер берген бе­делді сарапшы. Өз сөзін түйіндей отырып, қазақстандық сарапшы 2030 жылы бес институттық реформаның жүзеге асырылуын қорытындылайды. «Қазақстан көптеген көр­сеткіштер бойынша ЭЫДҰ стандарттарын жү­зе­ге асырды. Ол тек табыс деңгейі­не ғана емес, сонымен бір­ге азаматтар өмірінің жоғары сапа­сына да қатысты. Бес ре­фор­маны жүзеге асыру бе­рік институттық негізді нығай­­туға жағдай жасады. Мери­­то­­кратияның қатаң қағидат­­тарында құрылған мемле­­кеттік аппарат елдің кәсіби фронт-офисіне айналды. Барынша ашық сот жүйесі өзін әділетті, мөлдір әділ сот субъектісі ретінде көр­­сетті. Сыбайластық көрі­ніс­тері мейлінше төмендеді. Эконо­микадағы өңдеу секторының үлесі 75%-ды құрайды. Бүгінде Қазақстан ақпараттық технологияларды, жоғары тех­но­логиялы химия және био­логия өнеркәсіптерінің өнім­дерін, медициналық жаб­дықтарды, роботталған ауыл­ша­руашылық техникасын экспорттайды. Инвесторлар жер шарының әр түкпірінен біздің елімізге өз активтерін жаппай аударуда. Қазақстан – энергияның баламалы көздерін дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Орта тап үлесі елдің бү­кіл халқының 70%-нан аса­ды. Елдің әр тұрғыны діни және этностық белгілері­не қарамастан, өзін біртұ­тас ұлттың патриоты ретін­де айқын тани отырып инфра­құрылымдар мен әлеумет­тік қызметтерге тең қол­же­тімділікке ие. Азаматтардың жүйелі қоғамдық бақылау мен мемлекеттік органдардың есеп­тілігін қамтамасыз ете­тін мемлекеттік даму бағ­дар­ламаларын жүзеге асы­руға кеңінен қатысуына қолдау жасайтын тиімді инс­титуттар құрылған. Ұлт жос­парын жүзеге асыра отырып, біз әлемнің ең дамыған отыздығына ену жолында орасан зор серпіліс жасадық. Қазір екінші сатының жоспары әзірленді». Ал маған, Қазақстан табыстарын қолдайтын сарапшы ретінде 2015 жылы мен берген қазақстандық Ұлт жоспарының жиынтық күшінің саяси болжамы мен бағалаулардың жүзеге асқанын есту өте мақтанарлық болмақ. Бұл менің кәсібилігім мен сарапшылық түйсігіме берілген үздік баға. Қазақстанда менің дос­тарым көп. Мен осындай ұлы елдің ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақты құрып жатқаны үшін бақыттымын.

Хуман САДРИ, Ақпарат және саяси талдау орталығының президенті (АҚШ).