Саясат

Марапатталды

Марапатталды

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақовтың өкімімен химия өнеркәсібін дамытудағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ) №2 (агломерация) цехының аға шебер-механигі Фарид Хамитович Абдуллин, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің техникалық бақылау бөлімінің байыту өнімінің бақылаушысы Гүльнара Әлиханқызы Баймамирова, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының аммофос цехының шикізат өңдеу аппаратшысы Зайда Мұқанқызы Құсайынова, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Теміржол-көлік комплексі» филиалының бас бухгалтері Наталья Юрьевна Нещерет, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені басқармасының бас маркшейдері Шолпан Үбайділдақызы Сыздықова; облыстың ғылым және білім беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі, білікті мамандар дайындау ісіне қосқан қомақты үлесі үшін «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Орынбасар Қайырұлы Джанахметов, «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Қашықтықтан оқыту және сырттай білім беру» факультетінің деканы Бахыт Ормаханұлы Мырзабеков; мемлекеттік органдардағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ормандарды қорғау жедел қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман-инспекторы Бақыт Серкебайұлы Көрпебаев Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.