Батыр баба – Бауыржан
Батыр баба – Бауыржан
Әні мен сөзі Садық Құнанбаев
Батырлыққа жаралғандай болмысы, Айбатты елдің, қайратты елдің арысы. «Қазағым» деп қақ жарылған құшағы, Бауыржандар – ұлтымыздың намысы. Қайырмасы: Бауыржан – Бауыржан Сенің атың – халықтың жүрегінде, Сенің атың – халықтың тілегінде. Сенің даңқың – тарихтың тірегінде Сенің атың өшпейді бұл өмірде. Отан үшін отқа түстің, жанбадың, Жауға қарсы қаршығадай самғадың. Өрлігіңмен, ерлігіңмен майданда, Жеңіс күннің жақындаттың таңдарын. Қайырмасы: Мызғып жатқан туған жердің төсінде, Ер Бауыржан қашанда елдің есінде. Көк байрағын желбіретіп барады, Егеменді Қазақстан көшінде.