Мәдениет

Канн кинофестивалі

Канн кинофестивалі

бас жүлдені француз режиссері иеленді

68-ші Канн кинофестивалі аяқталды. Фестивальдің «Алтын пальма» бұтағы жүлдесін Шри-Ланкадан Парижге келіп, жаңа өмір бастамақ болған босқынның өмірі туралы баяндайтын «Дипан» (Dheepan) атты фильмі үшін француз режиссері Жак Одиар иеленді. Ал фестивальдің гран-при жүлдесін венгрлік режиссер дебютант Ласло Немеш «Сын Саула» фильмі үшін алды. Сондай-ақ, ол Халықаралық киносыншылар қауымдастығының қазылар жүлдесіне лайық деп танылды. Канн-2015 шарасының үздік режиссері тайваньдық Ху Сяо-Сен деп танылды («The Assassin» фильмі). Үздік сценариі үшін жүлдені мексикандық режиссер Михель Франко алды («Chronic» фильмі). Грек режиссері Йоргос Лантимос фестивальдің қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді («Лобстер» фильмі). Ал үздік актер ретінде Венсан Линдон танылды («The Measure of Man» фильмі). Үздік актриса жүлдесін Руни Мара («Carol») мен Эмманюэль Берко («Moi Roi») өзара бөлісті. Айта кетейік, Канн кинофестивалінің қазылар алқасы исландиялық режиссер Гримур Хаконарсонның «Қойлар» фильмін маңыздылығы бойынша екінші орында тұрған сыйлық – «Ерекше көзқарас» сыйлығымен марапаттады. Ол дебютанттарға немесе кинодағы ісін жаңадан бастағандарға беріледі. Беделі бойынша үшінші орынға ие сыйлық – «Қазылар сыйлығы» – хорватиялық кинематографист Далибор Матаничке «Солнце в зените» фильмі үшін берілді. «Путешествие к берегу» фильмі үшін жапониялық Киеси Куросава үздік режиссер атанды. Ал «Ерекше талант» сыйлығы румыниялық Корнелий Порумбойға «Сокровище» фильмі үшін берілді.

«Ақ жол-Ақпарат».