Әлеумет

Уызқағанақ

Уызқағанақ

Бұл тағам түрі қазақтың бай дастарханының бір дәмі болғанымен, бүгінде толығымен ұмытылған деуге болады. Ертеде қой төлдеп жатқан кезде қойшылар қанжығасына бақырашын байлап, бүйенін ала жүрген. Қажет кезінде жаңа төлдеген қойдың уызын сауады да, оны бүйенге құйып, аузын буып, бақыраштағы суға батырады. Сосын астына от жаға қояды. Уыз тез піседі. Уызқағанақ тағамы осылай дайындалады.