Экономика

Меркінің мерейі өсіп келеді

Меркінің мерейі өсіп келеді

Аудан орталығындағы 7,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілуде

Меркі ауылындағы орталық көше ұзақ уақыт жөндеу көрмегендіктен тоз-тозы шығып, тұрғындарды әбден мезі еткен болатын. Таяуда осынау орталық көшеге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылысты «Аия-Сервис» ЖШС жүргізуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 226 миллион 839 мың теңге қарастырылған. Бөлінген қаржыға 7,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі. Мердігер оны қазан айының ортасына дейін толық жөндеп бітіруді көздеп отыр.

Нұрболат Әлдибеков, «Ақ жол». Меркі ауданы.