Жаһан

Бір жылда Қазақстан халқының саны 255 мың адамға артты

Бір жылда Қазақстан халқының саны 255 мың адамға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 476,1 мың адам, соның ішінде қалалықтар - 9 916,6 мың (56,7 пайыз), ауылдықтар - 7 559,6 мың адам (43,3 пайыз). Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарланды. 

Атап айтқанда, 2014 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда халық саны 255 мың адамға немесе 1,48 пайызға өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, биылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 92,1 мың бала, бұл 2014 жылғы қаңтар-наурыздағы жағдайға қарағанда 0,8 пайызға кем.

ақпарат көзі kazinform.kz