Саясат

Әлеуетімізді арттырады

Әлеуетімізді арттырады

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Нұрлы жол» бағдарламасы елімізді әлемдегі ең әлеуетті мемлекеттердің қатарына қосуға мүмкіндік береді. Ақордада өткен ұлықтау рәсімі барысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы осыны кеңінен таратып айтып, алдағы кезеңде орындалуы тиіс «Бес халықтық реформаның» жалпыұлттық міндет болып табылатындығын атап көрсетті. «Мен реформалар жоспарын Ұлт Жоспары деп атадым, өйткені, реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі», – деді Республика Президенті.

Ақиқатында «Бес халықтық реформада» тұжырымдалғандай, мемлекеттік қызметтің азаматтардың құқықтарын құрметтейтіндей және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді моделін қалыптастыру, инвесторлар мен бизнес үшін қолжетімді әділ сот төрелігін орнықтыру, ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдыру, республиканың көп ұлтты халқының ауызбірлігі мен топтасуына қажетті ортақ азаматтық біртектілікті одан әрі нығайту, мемлекеттік аппарат жұмысының мөлдір және ел азаматтары алдында есеп беретіндей етіп жүргізілуін қамтамасыз ету – еліміздегі электораттың түгелдей жұмылуын талап ететін игілікті іс. Әрі ашығын айту керек, жуырда ғана өткен Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында оған қатысып, дауыс берген сайлаушылардың 97,7 пайызының Н.Ә. Назарбаевтың кандидатурасын қолдап, таңдау жасауы, Елбасының нақтылы кезеңде барша қазақстандықтардың алдына міндет етіп қойып отырған «Бес халықтық реформаның» жалпыұлттық сипат алатындығына кепілдік береді.

Сембек Сейдәзімов, облыстық мәслихаттың  депутаты.

Тараз қаласы.