Спорт және туризм

Ақтық сын алдындағы айқас

Ақтық сын алдындағы айқас

«Астана арландары» 23-24 мамырда Ресей боксшыларымен қолғап түйістіреді

Бүкіләлемдік бокс сериясының ширек финалында «Италия тандер» командасын қос кездесудің қорытындысы бойынша 9:1 есебімен ойсырата жеңген «Рашн боксинг тим» командасы жартылай финалда «Астана арландарына» қарсы рингке шығады. Ресейлік ұжымның белді боксшыларының бірі Виталий Дунайцев: «Жартылай финалдағы кездесуге мен де, өзге де команда көшбасшылары қатыспайды. Бір боксшы­ның жарақаты бар, сырқаты бар, одан бөлек байрақты бәсекелерде рингке шығамыз. Алда олимпиада. Төртжыл­дықтың басты додасына жолдаманы көбірек алу үшін де, негізгі боксшылар демалысқа жіберіледі» деп мәлімдеме жасады. Италияға қарсы негізгі құрамын шығарған ресей­ліктердің мұнысын бокс маман­дары «Жеңілетін­діктерін білгендіктен, осын­дай қадамға барып отыр» деп түсіндірді. Жартылай финал Астанада өтеді. Боксшылар С1, С2 дәреже­лері бойынша екі күн бойы шаршы алаңда кім мықтыны анықтайды. Жерлес­теріміз алты кездесуде жеңіске жетсе, ақтық сынға шығады.

Табиғат Абаилдаев,

"Ақ жол".