Перизаттың әлемі
Перизаттың әлемі
Таяуда Перизат Оспанованың «Ата-анам – бақытым» атты өлеңдері мен әндері енген жинағы жарық көрді. Сегіз бөлімнен тұратын кітапқа нәзік жүректі ақынның өлеңдерімен қатар әндері де енгізілген. Жалпы өлеңде де, әнде де тазалықты сақтаған, эстетикалық талғамы мол Перизат Оспанованың жинағында жүрекке жететін тағылымды шығармалар баршылық. Өзінің аудиториясын табатын кітап екені анық. Алғашқы жинағы болған соң бәлкім кемшіліктер де кездесер. Дегенмен, ойды образға орап бермесе де өзінің жүрек дүрсілін қағаз бетінде шиырлаған ақынның алдағы шығармашылығы жемісті, жеңісті болсын дейміз.
«Ақ жол-Ақпарат».