«Олжастың өзін көрсетуге әлі мүмкіндігі бар»
«Олжастың өзін көрсетуге әлі мүмкіндігі бар»
Еліміздің былғары қолғап шеберлері өткен айда АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын даңқты кіші Флойд Мейвезер жаттығатын «Mayweather Boxing Club» деп аталатын залда өткізіп қайтқан болатын.
Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов АҚШ-та өткен жаттығу жиындарынан соншалықты өзгеріс, айырмашылық байқамағанын республикалық «Спортс кз» газетіне берген сұхбатында айтыпты. Сонымен қатар, журналист қойған: «Бокс жанкүйерлері 52 келіде Ілияс Сүлейменов пен Олжас Сәттібаевтың қайсысы бірінші жолдама алады екен деп қызығушылық білдіріп жүр. Дегенмен, «Астана арландары» сапында өнер көрсететін Олжас соңғы кездесулерінің бірінде ұтылып, жағдайын қиындатып алды. Сәттібаевтың Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігі қандай?» деген сауалына Мырзағали Құланұлы: – Мен Олжастың Пуэрто-Рика боксшысы Хесус Ситронмен кездесуін көрдім. Өте жақсы жұдырықтасты. Әрине, жеңіске жетуге аздаған сәттілік жетіспей қалды. Бірақ бір кездесуге бола біз қорытынды шығармаймыз. Сондықтан өзін көрсетуге әлі де мүмкіндігі бар, – деп өз ойын нақты білдірген.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».