Білім

Тарихыңды тани біл

Тарихыңды тани біл

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, елімізде төл тарихымызды тану жолында игілікті істер қолға алынуда. Біздің көне Тараз қаласында да бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай шараның бірі – «Тараз-Ғасыр» колледжінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан: мемлекеттігінің қалыптасу тарихы мен қоғамдық-саяси дамуы» атты білімгерлер мен оқушылар арасында Х ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция барысында бұдан 550 жыл бұрын Шу мен Талас өзенінің бойында құрылған алғашқы Қазақ хандығының тарихы егжей-тегжейлі сөз болды. Жастардың ата-баба тарихын білсем деген құштарлығы сүйсінтті. Тәуелсіздік жылдары баспалардан жарық көрген тарихи кітаптарымыздың құндылығы паш етілді. Осыған орай конференцияға қатысушылар «Қазақ хандығының күні» белгіленсе деген пікірлерін білдірді. Конференция барысында Тараз қаласындағы №25 мектептің 8 «В» сынып оқушысы Ботагөз Үсіпбай І орынды иеленді. Озат оқушыны бұл додаға осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сайра Сұранова дайындады.

«Ақ жол-Ақпарат».