Бір күндік еңбекақыларын аударды

85

«Бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарып», ауызбіршілігімізді танытар сын сәті туды: еліміздің орталық өңірін қаһарлы қыс бір қысса, енді топан су тығырыққа тіреп тастады. Табиғаттың тосын құбылысынан зардап шеккендерге еліміздің барлық аймақтарынан дерлік қайырымдылық көмек көрсетіліп, бұл шарадан үкіметтік құрылымдар мен бюджеттік сала қызметкерлері де қалыс қалмауда.
Осымен байланысты жиын кеше ұжым мүшелерінің қатысуымен «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де болып өтті. Онда облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мырзақасым Байбеков топан судан зардап шегіп отырған қарағандылық ағайындарға ұжым мүшелерінің бір күндік еңбекақылары мөлшерінде қайырымдылық көмек көрсетуді ұсынды. Ұсыныс ұжым мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тауып, жиналған көмектің жалпы көлемі 295 937 теңгені құрады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support