Көрінсін тек егемен ел биіктен

159

Тыныштыққа кепіл болу ғаламда,
Бұйырған бақ – оған, саған, маған да.
Сертін бұзбай татулықтың бұл күнде,
Пайдамызды тигізейік қоғамға.

Жаратпасын Құдай бізді мұңды ғып,
Сенім арту – келер күнге құнды үміт.
Достық туын биік ұстау – аманат,
Достық туы – басты байлық, құндылық.

Тапқан елміз несібесін тірліктен,
Тереземіз тең әлеммен, құрлықпен.
Біз біргеміз, тілегіміз – татулық,
Ал іргеміз ажырамас бірліктен!

Мұратымыз орындалып, расталған,
Сәтті болсын, әр ісіміз басталған.
Көрінсін тек егемен ел биіктен,
Көрінсін ел зау-зау биік, асқардан!

Юлия Ким,
студент.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support