Бірлігіміз баянды, ынтымағымыз жарасымды болсын!
Бірлігіміз баянды, ынтымағымыз жарасымды болсын!
Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – халықтар арасындағы достықтың белгісі, өзара бауырмашылдық пен түсіністіктің нышанына айналған мерейлі мейрам. Біздің біртұтас халқымыздың дәстүріне еніп, бейбітшілік пен өзара сыйластықтың символына айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте». Бүгінде еліміздің уақытпен бірге есейіп, өркен жайғаны, көз сүйініп, көңілден шығатын тірліктеріміз бен игіліктеріміздің сарқылмас көзі – бейбітшілік, тұрақтылық және этносаралық келісім. Ел мүддесі, халық қамы жолындағы мақсат-мұраттарымыз бір арнаға тоғысып, татулығымыз табыстың тайқазандарына жеткізе берсін деп тілейміз. Ендеше, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігі артып, еліміздегі ұлтаралық ұғыныстық мәңгі жасай берсін! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақ-береке тілейміз! Ынтымағы жарасқан еліміздің мерейі әрқашан үстем болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі.