Саясат

Бірлігіміз баянды, ынтымағымыз жарасымды болсын!

Бірлігіміз баянды, ынтымағымыз жарасымды болсын!

Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Баршаңызды нұр шашқан көктем мерекесі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінде көп ұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы тұрақтылық пен татулықтың мекеніне айналып отыр. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық-әлеуметтік дамудағы жетістіктеріміз – халқымыздың мызғымас достығының жемісі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазірде қазақ елі – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы қалып­тасқан, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет». Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді біздің халық. Бұл тегіннен-тегін айтылмаса керек. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір облыс тұрғынының міндеті болып табылады. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық, ағайын! Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір көп ұлттың өкілдерімен бірлік арқасында өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайық! Құрметті жерлестер! Бірлік мерекесі қарсаңында сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін!

Ізгі ниетпен:

Бағлан Қарашолақов, облыстық мәслихаттың хатшысы.